Ауғанстанда мотоцикл шабандозы бір топ спортшының өмірін қиды

Фотография - Ауғанстанда мотоцикл шабандозы бір топ спортшының өмірін қиды

16 0

Ауғанстанның шығысындағы Лагман провинциясында мотоцикл мінген содыр крикет ойыншылары тобына оқ жаудырып, бес адамның өмірін қиды.

Әзірге осы оқиғаға жауапкершілікті ешкім де өз мойнына алып отырған жоқ. Провинция билігі бұл шабуылды тәлібтер ұйымдастыруы мүмкін екенін айтуда. Себебі олардың басқаруы кезінде спорттық шараларға қатысқандар қатаң жазаланған көрінеді.

Ауғанстан Президенті Хамид Карзай бейбіт тұрғындардың өліміне жауаптыларды қатаң сынға алды.

Сонымен қатар бейсенбі кешқұрым Гильменд оңтүстік провинциясында полиция 30 жасар Нурахмад Нури есімді журналистің мүрдесін тапты. Ол жергілік радиода қызмет жасаған екен.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!