Содырлар полиция патруліне шабуылдады

Фотография - Содырлар полиция патруліне шабуылдады

262 0

Иракта бірнеше лаңкестік әрекет салдарынан 24 адам қаза тапты,деп хабарлады 24.kz.

Жергілікті ақпарат көздерінің хабарлауынша, Туз-Хурмату қаласындағы мейрамханалардың бірінің алдында 2 көлікке қойылған жарылғыш зат іске қосылған. Тикрит қаласында содырлар полиция патруліне шабуыл жасады. Баакуба қаласында бейбіт тұрғындар миномет атқылауына ұшыраған. Өткен жылдың аяғынан бері лаңкестік әрекетке қарсы операция жүріп жатқан Эль-Фаллуджа қаласында да жарылыс болды. Сонымен қатар Ирактың ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Мосул қаласында жарылғыш заттарды жасайтын астыртын зауыт табылып, қаскөйлер қамауға алынған.


Тегтер:

әлем ирак @kz

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!