Ирак әскері "Әл-Қаида" жасақтарына шабуылды үдетті

Фотография -  Ирак әскері "Әл-Қаида" жасақтарына шабуылды үдетті

19 0

Ирактың Анбар провинциясында "Әл-Қаиданың" жергілікті бөлімшесі "Ирак және Леванта ислам мемлекеті" тобына қарсы әскери операциялар жүріп жатыр. Үкімет әскері содырлар басып алған Фаллуджа мен Рамади қалаларына соққы берді. Reuters агенттігі Фаллуджаға әуеден және артиллериядан соққы жасалып жатқан туралы хабарлады.

Аймақта "Әл-Қаида" жасақтарын ығыстырып шығару мақсатында таяуда кең ауқымды әскери операция басталуы мүмкін деген ақпарат тараған. Қазірге дейін үкімет әскері жергілікті сүнниттік тайпалардың өкілдері мен басшыларына көтерілісшілерді басып алған территорияларын босатуға көндірту үшін мұрсат беріп, жаппай шабуыл жасамай келген еді.

Өткен жылдың соңында басталған Анбар провинциясындағы қақтығыстардан жүздеген адам қаза тауып, ондаған мың жергілікті тұрғын баспаналарын тастап қашуға мәжбүр болды.


Тегтер:

әлем ирак

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!