Египет әскерінің қолбасшысы президент сайлауына түспек

Фотография - Египет әскерінің қолбасшысы президент сайлауына түспек

14 0

Египеттің жоғарғы әскери кеңесі ел қарулы күштерінің бас қолбасшысы, өткен жылы президент Мұхаммед Мурсиді биліктен тайдыруда маңызды рөл атқарған генерал Абдул-Фаттах әл-Сисидің президенттікке кандидатурасын мақұлдады.

27 қаңтарда Египет президентінің міндетін уақытша атқарушы Адли Мансур президент сайлауы парламент сайлауынан бұрын өтеді деп мәлімдеген. Кеше әл-Сисидің жоғарғы әскери атақ - фельдмаршал шенін иеленгені белгілі болған.

Мурси биліктен кетірілген өткен жылдың жазынан бері Египетте саяси тұрақсыздық орнаған. 25 қаңтар - бұрынғы президент Хосни Мүбәрактің биліктен кеткеніне үш жыл толғанын атап өту кезіндегі шерушілердің полициямен қақтығысында 49 адам мерт болған еді.

Қаңтардың басында Египетте референдумда жаңа конституция жобасы бекітілген. Билік сайлаулар мен жаңа конституция елде тәртіп орнауына септеседі деп үміттеніп отыр.


Тегтер:

әлем Египед

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!