Путин: Ресей Украинамен келісімін орындайды

Фотография - Путин: Ресей Украинамен келісімін орындайды

175 0

Ресей президенті Владимир Путин Ресей Украинада халық толқуларынан үкімет ауысса да, бұл елмен жасасқан экономикалық келісімінен бас тартпайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Путин Брюссельде ашылған Еуропа одағы мен Ресей саммитінде айтты.

Путиннің сөзінше, Киев үкіметке кім келгеніне қарамастан келісім бойынша 15 миллиард АҚШ доллары көлемінде займ түріндегі қаржыны алады. Ресей газын арзан бағамен сатып алу туралы келісім де күшінде қалады.

Ресей мен Украина арасындағы бұл келісім өткен жылдың желтоқсанында, Украина билігі Еуропа одағымен ассоциация туралы келісімнен бас тартқан соң жасалған еді.


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!