ЕО Орталықафрика Республикасына әскер жібермек

Фотография - ЕО Орталықафрика Республикасына әскер жібермек

24 0

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Орталықафрика Республикасына осы елдегі қақтығыстарды тоқтату үшін Еуропа одағының бітімгершілік контингентін жіберуді мақұлдады. Бұл туралы қарар бірауыздан қабылданды.

Қарар Еуропа одағының 600 әскери қызметкеріне бейбіт тұрғындарды қорғау үшін "кез-келген қажетті күшті қолдануға" мүмкіндік береді.

Орталықафрика Республикасына Еуропа одағының нақты қай елдері әскерін жіберетіні әзірге белгісіз. Франция билігінің мәлімдеуінше, еуропалық әскери құрылымдар Банги қаласының әуежайын паналаған 100 мыңға тарта босқынның қауіпсіздігін қамтамасыз етпек.

Өткен жылы желтоқсанда Орталықафрика Республикасына 1600 француз әскери қызметкері жіберілген еді. Олар бұған дейін елдегі Африка одағы бітімгершілік күштерінің 3500 сарбазына қосылған.

БҰҰ бұрын Франция отары болған бұл елдегі мұсылмандар мен христиандар арасындағы қақтығыстар геноцидке ұласып ктеуі мүмкін деп қауіптенеді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!