Британиялық дәрігерлер оқушы қыздың миына желім құйып жіберген

Фотография - Британиялық дәрігерлер оқушы қыздың миына желім құйып жіберген

18 0

Британияның Great Ormond Street ауруханасының қызметкері шприцтерді шатастырып алып, 13 жасар оқушы Маиша Наджибтің миына желім құйып жіберген.

Инъекция қыздың миына орны толмайтын залал әкелді. Оның ақыл-ой қабілетіне зақым келіп, бала мүгедектер арбасына таңылды.

Лондонның жоғарғы соты медициналық мекемеге Наджибтің отбасына 2,8 млн. фунт көлемінде өтемақы төлеуді міндеттеді. Сонымен бірге, аурухана қыздың ата-анасына баланы асырауы үшін 423 мың фунт өтемақы төлеуі тиіс. Маиша 19-ға келгенде жыл сайынғы өтемақы 423 мың фунтқа дейін өседі. «Қыз бала 64 жасқа дейін өмір сүруі мүмкін», -  дейді дәрігерлер.

«Оның өміріне балта шабылды, барлық армандары орындалмайтын болды. Мұндай жағдай енді ешқашан қайталанбайды деп үміттенемін», - деді Маишаның әкесі Садир Хуссей Наджиб.


Тегтер:

аурухана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!