Дельфиндерді жаппай қырып жатыр

Фотография - Дельфиндерді жаппай қырып жатыр

12 0

Жапонияда дельфиндерді жаппай аяусыз қыру жалғасуда.

Халықаралық қауымдастықтың наразылығына қарамастан, дельфиндерді жаппай өлтіру заңды әрі қалыпты деп саналады. Тіпті, бұл Тайдзи ауылындағы халық үшін ең басты табыс көзіне айналған. Мұнда дельфиндердің бағасы 150 мың АҚШ долларына дейін барады. Қазан мен сәуір айына дейінгі мерзім – дельфиндерді жаппай аулау науқаны. Балықшылар суда қатты дабыстар шығарып, теңіз жануарларын оқшау жерге қуады. Сосын ашық айдынға шығатын аумақтың барлығы аулармен және қайықтармен жабылады. Ең сорақысы, қоршауда қалған жануарларды балықшылар пышақ, найза және темір ілмектермен түйреп, турап, кескілеп өлтіреді. Оның үстіне көптеген дельфин бірден жан тапсырмай, біраз қансырап жатып қалады. Мамандар бұл жануардың еті мен майы адам ағзасы үшін өте зиян екенін айтуда. Дельфиндерде сынап, кадмий және басқа химиялық зиянды зат көп. Олардың еті мен майын жүкті әйелдер мен балаларға жеуге болмайды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!