Оңтүстік Кореяда атом реакторы істен шықты

Фотография - Оңтүстік Кореяда атом реакторы істен шықты

22 0

Бүгін таңертең Оңтүстік Кореядағы атом реакторларының бірі кенеттен істен шыққандығы жайында мәлімет келіп түскен, - деп хабарлайды «РИА Новости».

Елдің оңтүстік-шығысындағы Ульчжине қаласында орналасқан «Хануль №5» реакторы жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 04:17-де тоқтаған.

Осы жайтқа байланысты «Korea Hydro & Nuclear Power» реакторы мемлекеттік оператор-компаниясының қызметкері: «қазіргі кезде ректор бірқалыпты жағдайда тұр» деп мәлімдеді. Оның айтуынша, оқиғаның мән-жайын анықтау жұмыстары да жедел жүргізілуде.

Бүгінгі таңда Оңтүстік Кореяда 23 атом реакторы жұмыс істейді. Ал «Хануль» 2004 жылы пайдалануға берілген болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!