Жаңа Зеландия мемлекеттік туын өзгертпек

Фотография - Жаңа Зеландия мемлекеттік туын өзгертпек

36 0

Жаңа Зеландияның премьер-министрі Джон Кей елдің ұлттық рәмізін өзгерту ұсынысын қолдайтындығын мәлімдеді. Бұл туралы Ұлыбританияның Daily Telegraph газетінде жазылған.

Премьердің айтуынша, қазіргі таңда Жаңа Зеландия тұрғындарының жартысы тудың жаңарғанын қалайтын көрінеді. Сонымен қатар, Кей жалаудан Жаңа Зеландияның ұлттық нышанына айналған күміс қырыққұлақ өсімдігін көргісі келетіндігін де жасырмады.

Қазіргі таңда Жаңа Зеландия мемлекеттік туының сол жақ жоғарғы бұрышында Ұлыбританияның туы бейнеленген. Ал, оң жақ бөлігінде елдің географиялық орнын көрсететін төрт қызыл бесжұлдыз орналасқан.

"Мен туымыздың өзгергенін қалаймын. Бірақ, бұл еліміздегі ең маңызды мәселе емес екенін есте сақтайық", - деді Д. Кей. Сонымен қатар, үкімет басшысы ту өзгерісі туралы кез келген ұсынысты референдумға шығару керектігін ескертті.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!