Украина шенеуніктерін кіргізбейміз

Фотография - Украина шенеуніктерін кіргізбейміз

147 0

Канада үкіметі Украина үкіметінің жоғары шенді шенеуніктерінің елге кіруіне тыйым салатынын жариялады.

Канаданың азаматтық және миграция істері министрі Крис Александердің мәлімдеуінше, тыйым Украинадағы наразылық акцияларын басып-жаныштауға қатысы бар тұлғаларға салынады. Оның сөзіне қарағанда, Канада "еркіндік пен демократия жолында батыл және ашық күресетін украин халқын қолдай береді".

Крис Александердің мәлімдемесін Канада сыртқы істер министрі Джон Бэрд те қоштап, Киевке жаңа санкциялар салынуы мүмкін екенін ескертті.

Бұған дейін АҚШ та Украина билігіне шерушілерді басып-жаныштау тоқтатылмаса, санкция салынуы мүмкін екенін ескерткен.


Тегтер:

әлем

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!