Лахдар Брахими: Сирия келіссөзінен әзірге нәтиже жоқ

Фотография - Лахдар Брахими: Сирия келіссөзінен әзірге нәтиже жоқ

55 0

БҰҰ мен Араб лигасының Сирия бойынша өкілі Лахдар Брахими бұл елдегі дағдарысты шешу жөніндегі Сирия билігі мен оппозициясы арасындағы келіссөздердің алғашқы кезеңінен қандай да бір маңызды нәтиже күтпейтінін мәлімдеді.

29 қаңтарда, Швейцариядағы келіссөздердің аяқталуына екі күн қалғанда Брахими келіссөздердің әзірге нәтижесіз аяқталатыны күтпеген нәрсе болмағанын, екі жақ арасында "үлкен келіспеушілік" барын айтты. Соған қарамастан тараптар диалогты жалғастыра беруге дайын екенін білдірген. Брахими Ресей мен АҚШ келіспеушіліктерді жоюға септеседі деген үмітте екенін жеткізді.

Сирия билігі мен оппозициясының өкілдері президент Башар Асадтың келіссөздердегі рөлі қандай болмақ деген мәселеге келісе алмай жатыр. Оппозиция Башар Асад биліктен кетіп, уақытша үкімет құрамына кірмеуі тиіс деп санайды. Бірақ ресми Дамаск Асадтың отставкаға кетуі мүмкін емес дейді.

Сирия бейбіт келіссөздерінің келесі кезеңі қашан өтетіні әлі шешілген жоқ.


Тегтер:

әлем сирия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!