АҚШ экономиканы ынталандыруды бәсеңсітпек

Фотография - АҚШ экономиканы ынталандыруды бәсеңсітпек

23 0

Ақпан айынан бастап АҚШ-тың Федералдық резерв жүйесі бағалы қағаздарды сатып алу көлемін 10 миллиард долларға азайтатын болды. Енді Федералдық резерв жүйесі ай сайын сатып алатын бағалы қағаздар құны 65 миллиард АҚШ долларын құрамақ. Бұл туралы шешім 29 қаңтарда Федералдық резервтер жүйесінің ашық нарықтағы операциялар комитетінің отырысында қабылданды.

АҚШ-тың орталық банкі қызметін атқаратын Федералдық резервтер жүйесі монетарлық ынталандыру көлемін қысқарту шешімін ел экономикасы өсімінің артуымен және инфляция деңгейінің төмендігімен түсіндіреді.

Федералдық резервтер жүйесінің шешімі АҚШ қор биржаларына оң әсер ете қоймады.

Осы хабардан соң 29 қаңтарда АҚШ-та, бүгін Азиядағы жетекші қор биржаларында индекстер бағамы күрт төмендеп кетті.


Тегтер:

Экономика @kz

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!