Қытайда тұтас бір көл беті гүлді алаңқайға айналды

Фотография - Қытайда тұтас бір көл беті гүлді алаңқайға айналды

24 0

Қытайда тұтас бір көл беті гүлді алаңқайға айналды. Мұздағы таңқаларлық көріністі шеберлер жасаған жоқ. Күн суытқандықтан осындай құбылыс орын алды. Бұл елдің солтүстігінде орналасқан Шаньси аумағындағы табиғаттың ерекшелігі. Юньчэн атты тұзды көлді жұртшылық "өлі теңіз" деп атап кеткен, деп хабарлайды Астана арнасы.

Көлдің аса тұздылығы онда кристалды гүлдердің өрнектелуіне себеп болды. Көрікті жерге жергілікті жұртшылық ағылып келіп жатыр. Себебі мұндай құбылыс сирек кездеседі. Тек белгілі ауа-райы қалыптасқан жағдайда болатын жайт. Биыл осы маңда жаңбыр аз жауған, құрғақ ауа сақталып тұр. Бірнеше күн бұрын Шаньсиде ауа температурасы минус онға дейін төмендеді. Сондықтан ащы судың бетінде бірегей кристаллдар туындаған.


Тегтер:

әлем қытай

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!