Иракта министрлік ғимаратын лаңкестер басып алды

Фотография - Иракта министрлік ғимаратын лаңкестер басып алды

18 0

Кеше Бағдаттың орталығында лаңкестік топ министрлік ғимаратын басып алып, бірнеше адамды кепілдікке алған болатын. Араға бірнеше сағат салып арнайы жасақ қылмыскерлердің көзін жойып, тұтқындағы адамдарды босатты деп хабарлайды BBC News.

Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, лаңкестердің көзі жойылғанымен, оқиға болған аймақ әлі де қоршауға алынған.

Ал, Reuters агенттігінің хабарлағандай, қарулы қақтығыс салдарынан лаңкестерден бөлек ғимаратта болған 18 бейбіт тұрғын қаза тауыпты. Қанды оқиға көлік министрлігінің ғимаратында орын алған.

Әзірге бұл жайтты Ирактағы ешбір лаңкестік топ өз мойнына алған жоқ. Ал, биліктегілер болса қылмыстың артында радикалды сүнниттер тұр деген болжам жасады.


Тегтер:

әлем ирак

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!