Ресейде интернетті шектейтін заң күшіне енді

Фотография - Ресейде интернетті шектейтін заң күшіне енді

14 0

Ресейде ақпанның 1-інен бастап Роскомнадзор мекемесіне соттың тиісті шешімі болмаса да интернет парағына тосқауыл қоюға құқық беретін заң күшіне енді. Оған сәйкес, бұдан былай бас прокурор немесе оның орынбасарлары «экстремизм мен жаппай тәртіпсіздіктерге шақырады» деп тапқан интернет сайтына дереу тосқауыл қою туралы Роскомнадзорға нұсқау бере алады.

Роскомнадзор баспасөз қызметі заң талабына сәйкес, интернет ресурсын жабу «билік органдары, ұйымдар мен азаматтардан түскен ескертулер» бойынша сайттың мазмұнына жүргізілген мониторинг негізінде жүзеге асырылатынын хабарлады.

Ресейде қадағалаушы органдар балалар порнографиясы, есірткі заттарын дайындау және тұтыну жөнінде нұсқаулар, суицидке шақыратын мазмұндағы материалдар жариялаған деп танылған сайттарды заңға сәйкес дереу жабуға құқылы. Ал «экстремистік мазмұндағы» сайтты жабу үшін бұған дейін сот шешімі қажет еді.


Тегтер:

Ресей әлем

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!