Николай Азаров Украинадан кетті

Фотография - Николай Азаров Украинадан кетті

183 0

Украинаның бұрынғы премьер-министрі Николай Азаров Украинадан кетіп, Австралиядағы ұлының жанына көшіп барды.

Бұл жайында австриялық БАҚ хабарлады.

Журналистердің деректеріне сүйенсек, Азаров елден жекеменшіктегі ұшақпен аттанған. Ол өз ұлы Өңірлер партиясының депутаты Алексей Азаровқа барған.

Отставкадан кейін бірден экс-премьер саясатпен айналысатынын мәлімдеген. «Кезінде мен Өңірлер партиясын құрушылардың бірі болғанмын. Бұл үлкен әрі жауапты партия. Оның құрамында адал да тамаша адамдар жетерлік. Премьердің орынтағында жүріп, партия төрағалығы міндетімді толық көлемде орындай алмадым. Менің білімім мен тәжірибем Украинадағы осындай маңызды саяси күштің дамуына септігі тиер деп үміттенемін», -деп атап өтті ол.

Отставкаға кету туралы өтінішті Азаров 29 қаңтарда берді. Украина президенті бірнеше сағаттан кейін оның өтінішін қанағаттандырды. Министрлер кабинетін бірінші вице-премьер Сергей Арбузов уақытша басқаратын болады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!