Ауғанстанда президенттікке үміткер штабының екі қызметкерін атып кеткен

Фотография - Ауғанстанда президенттікке үміткер штабының екі қызметкерін атып кеткен

12 0

Ауғанстандағы президентікке үміткерлердің бірі Абдулла Абдулланың сайлау штабының екі қызметкерін белгісіз біреулер атып кеткен.

Оқиға елдің батыс провинциясы Гератта орын алған. Белгісіз біреулер сайлау штабының басшысы мен бір қызметкері кеңседен шығып келе жатқан кезде оларға оқ атқан. Әзірге бұл іске қатысты жауапкершілікті ешкім мойнына алған жоқ.

2 ақпан күні Ауғанстанда сайлау науқаны ресми түрде басталды. Сәуір айында өтетін президент сайлауына барлығы 11 үміткер қатысады.


Тегтер:

әлем

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!