Таиландта жарылыс: Жергілікті сайлау комиссиясының төрағасы мен үш әскери қызметші мерт болды

Фотография - Таиландта жарылыс: Жергілікті сайлау комиссиясының төрағасы мен үш әскери қызметші мерт болды

15 0

Таиландтың оңтүстігіндегі Паттани өлкесіне қарасты автожолда бомба жарылып, жергілікті сайлау комиссиясын басқарған аудандық әкімшілік шенеунігі мен үш әскери қызметші қаза тапты.

Кхок Пхо ауданының әкімшілік басшысының орынбасары үш әскери қызметшімен бірге өзі төрағалық ететін сайлау учаскесіне бара жатқан. Алайда жарты жолда ол шұғыл арада бағдарын өзгертіп, әскери қызметшілермен бірге жергілікті өзін өзі қорғау отряды мен сепаратист содырлар арасында қақтығыс туындаған ауылға бармақ болған. Шенеунік көлігіне бара берген кезде жол бойына орнатылған жарылғыш құрылғы іске қосылған.

«Бұл жарылыс сайлаумен байланысты деп ойламаймын. Меніңше, бұл әскери қызметшілерге қарсы жасалған қастандық. Мұндай шабуылдар жиі болып тұрады», дейді аймақтық сайлау комиссиясының төрағасы.


Тегтер:

әлем

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!