Перу жағалауынан 500 дельфиннің өлексесі табылды

Фотография - Перу жағалауынан 500 дельфиннің өлексесі табылды

18 0

Перудің солтүстік жағалауындағы жағажайларда соңғы апта ішінде  шамамен 500 дельфиннің өлексесі табылды.

Оңтүстікафрикалық елдің теңіз институты ақпаратына қарағанда, дельфиндердің жаппай қырылуына байланысты арнайы ғылыми экспедиция ұйымдастырылды. Олардың міндеті орын алып отырған ахуалды барынша зерделеп, дельфиндердің неден өлгендігін анықтау болып отыр.

Перулік балықшылардың айтуынша, дельфиндердің біраз бөлігі ауға оратылып қалған жерінен табылған. Бұл жайт та сүтқоректілердің өліміне басты себеп болуда. Дегенмен, ғалымдардың пайымынша, дельфиндер теңізде сыртқы факторлардың әсерінен қырылған.

Қазіргі уақытта елдің табиғат қорғау қызметтері сүтқоректілердің өліміне су балдырларынан улану себеп болуы мүмкін деген пайымды да алға тартуда.


Тегтер:

әлем

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!