Жанартаудың атқылауынан Индонезияда 16 адам қаза тапты

Фотография - Жанартаудың атқылауынан Индонезияда 16 адам қаза тапты

28 0

Сенбі күні Индонезияда Синабунг жаратауының атқылауынан он алты адам көз жұмды деп хабарлайды Agence France-Presse. Олар жанартау шығарған ыстық күлді бұлт астында қалып қойған.

Қаза тапқандардың барлығы Синабунг тауына жақын маңдағы ауылдан табылған. Олардың төртеуі жанартауға саяхат мақсатында келген мектеп оқушысы екен.

Синабунг Суматраның солтүстік аймағында орналасқан жанартау. Ол 2010 жылдың тамыз айында 400 жылдық ұйқыдан оянған. Жанартаудың атқылауы 2013 жылдың қараша айы мен 2014 жылдың қаңтарында орын алған болатын.

Индонезиялық архипелаг «i» сейсмикалық қауіпті аймаққа жатады. Мұнда көптеген жер сілкіністері болып тұрады. Аталған архипелаг Үнді мен Тынық мұхиттарының түйіскен жерінде орналасқан және Азия мен Австралия континенттерінің арасында көпір міндетін атқаруда.


Тегтер:

жанартау

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!