Ливияның химиялық қаруы толық жойылды

Фотография - Ливияның химиялық қаруы толық жойылды

34 0

АҚШ билігінің хабарлауынша, соңғы үш айда Ливияның химиялық қару-жарағы түгелдей жойылып бітті. New York Times газетінің хабарлауынша, улы зат –  иприт толтырылған жүздеген бомба мен снарядтарды АҚШ пен Ливия бірігіп жойған. Бұл жұмысқа Германия мен Швеция қолдау көрсеткен.

Ливияның улы заттарын жою 2004 жылы, бұрынғы президент Муаммар Каддафи химиялық қару-жарақтарды жою жөніндегі конвенцияға қол қойғаннан кейін басталған еді.

2011 жылы қазанда Муаммар Каддафи биліктен тайдырылып, өлтірілгеннен кейін екі тоннаға жуық қыша газы табылып, ол шөл далада арнайы пеште жойылған.

Химиялық қаруды шөл далада жою технологиясы алдағы айларда Сирияның 1 мың 300 тонна шамасындағы химиялық улы заттарын жою үшін де пайдаланылмақ.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!