Франкфуртте 116 метрлік ғимарат жарылды

Фотография - Франкфуртте 116 метрлік ғимарат жарылды

37 0

Германияның Франкфурт қаласында жарылғыш заттың көмегімен 116 метрлік зәулім ғимарат ысырылды. Халық арасында «университеттік мұнара» аталып кеткен ғимараттың құлаған сәтін 10 мыңнан астам адам тамашалады, деп хабарлайды Bigpicture.ru.

Салмағы 50 тонналық ғимарат 950 келі жарылғыш затының көмегімен санаулы секундтың ішінде жарылды. Университеттік мұнара ғимараты 1972 жылы Майндағы Франкфурт қаласы елдің іскерлік орталығына айналғанға дейін салынған. 2,5 мың студентке арналып тұрғызылған 38 қабаттық нысан сол кезде қаладағы ең зәулім ғимарат болып саналған-ды.

Алайда уақыт өте нысан тоза бастады. Мысалы, ондағы жеті жедел саты студенттерді тасымалдауға қауқары жетпей, тіпті 15 минутқа дейін күттіріп қоятын болды. Осыған орай, оны ырысыру туралы шешім қабылданып, жұмыс өткен жылдың шілде айында басталып кетті. Даңғырдан шаршаған көрші аудандардың тұрғындары ысыру жұмыстары тым баяу жүріп жатыр деп шағым айтқан. Сол себепті ғимарат жарылғыш заттың көмегімен құлатылды.

Жұмысшылар айналаны шаң-тозаңнан сақтау үшін ғимаратпен бірге 1000 литрлік цистернаны қоса жарды. Айта кетерлігі, бұған дейін Еуропада бірде-бір биік ғимарат дәл осындай әдіспен ысырылмап еді. Енді ысырылған жерге екі зәулім ғимарат бой көтеріп, онда түрлі кеңселер орналасады деп жоспарланып отыр.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!