Прага Януковичті қабылдаудан бас тартты

Фотография - Прага Януковичті қабылдаудан бас тартты

26 0

Прага қаласының басшылығы Украина президенті Виктор Януковичтің ресми сапарын ұйымдастыру шараларына қатыспайды.

Чехия астанасының мэрі Томаш Гудечек қалада Януковичті көргісі келмейтіндігін мәлім етті деп хабарлайды РБК агенттігі.

«Президент Януковичтің Вацлав Гавелдің есімі берілген әуежайға қонуының өзі қисынға симайды», - деді ол. Оның сөзіне қарағанда, Украина президенті Чехияға келетін болса, қала басшылығы ресми тұлғаларға көрсетілетін іс-шараларды ұйымдастыруға қатыспайды, тіпті Януковичті ратушқа қабылдау рәсімін жасаудан да бас тартпақ.

Сонымен қатар бірқатар чехиялық қоғамдық қайраткерлер, ақындар, кинорежиссерлер мен шенеуніктер елге Януковичтің ат басын бұруына қарсы болып отыр.

Кездесудің орнына Гудечек Майдандағы наразылық білдіріп жатқан жұртқа 500 мың крон жібермек.

Айта кетейік, Януковичтің Чехияға ресми сапары 2014 жылдың сәуір айына белгіленген.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!