HRW Ауғанстандағы әйелдерге қарсы жаңа заңды сынады

Фотография - HRW Ауғанстандағы әйелдерге қарсы жаңа заңды сынады

15 0

Халықаралық Human Rights Watch ұйымы Ауғанстан парламенті қабылдаған жаңа заң әйелдерді қорғамайды деп сынап, президент Хамид Карзайды оған қол қоймауға шақырды.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, Ауғанстан парламенті мақұлдаған қылмыстық процедуралар туралы заң жобасы әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан және еркінен тыс мәжбүрлеп күйеуге беруден қорғамайды.

HRW Карзайды құжатқа өзгеріс енгізіп, парламентке кері қайтаруды сұрайды. Ұйым бұл даулы заң 2009 жылы қабылданған әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықты жою туралы заңға қайшы келеді және "онсыз да құқықтары аз әйелдерді төмендетуге бағытталған" деп санайды.

Ауғанстан парламентінде консервативті ұстанымдағы дін өкілдері мен бұрынғы әскерилер басым. Карзайдың баспасөз хатшысы президенттің заңға қатысты қандай шара қолданатыны туралы нақты ештеңе айта алмайтынын мәлімдеді.


Тегтер:

Афганистан @kz

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!