ЕО өкілі: Боснияға тұрақсыздық қаупі төніп тұр

Фотография - ЕО өкілі: Боснияға тұрақсыздық қаупі төніп тұр

17 0

Еуропа Одағының Босния және Герцеговинадағы жоғарғы өкілі Валентин Инзко егер бұл елде халық толқулары күшейетін болса, Еуропа әскері жіберілуі мүмкін екенін мәлімдеді.

Австриялық Kurier Daily газетіне берген сұхбатында арнайы өкіл Босниядағы ахуал 1992-1995 жылдардағы әскери қақтығыстар аяқталғаннан бергі уақыт ішінде "ең нашар күйге түскенін" айтқан. Инзконың сөзінше, "зорлық-зомбылық ауқымы Еуропа Одағына шығатындай болса, онда бұл елге әскер жіберу жайы ойластырылуы мүмкін".

Өткен аптада Боснияда жұмыссыздыққа, кедейшілік пен коррупцияға қарсы жаппай наразылық шаралары өтіп, соңы қақтығыстарға ұласқан еді. Жүздеген адам зардап шегіп, бірнеше қалада, оның ішінде Сараевода үкіметтік ғимараттарға от қойылған.

8 ақпанда демонстранттардың басқыншылығы біраз бәсеңсіген. Ал кеше наразылық шерулері бейбіт түрде өтті.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!