HRW: Ауғанстандағы адам құқықтарына назар керек

Фотография - HRW: Ауғанстандағы адам құқықтарына назар керек

15 0

Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымы Ауғанстан президенттігіне үміткерлерді сәуір айында болатын сайлауға дайындық кампаниялары кезінде елдегі адам құқықтарын басты назарға алуға шақырды.

Ұйымның мәлімдеуінше, президенттіктен үміткер 11 адамның тек төртеуі - Абдулла Абудлла, Кутбуддин Хелал, Каюм Карзай және Дауд Султанзой ғана елдегі адам құқықтарының өзекті мәселелеріне қатысты сауалнамаға жауап берген.

Үміткерлерге әскери қылмыстар, әйелдер құқықтары және азаптауға қатысты сұрақтар қойылған. «Төрт үміткер өте маңызды деген мәселелерге қатысты өз пікірлерімен бөлісті» дейді ұйымның Азия елдері бойынша директоры Брэд Адамс.

Ауғанстанда президент сайлауы 5 сәуірде өтпекші. Сайлауға дайындық науқаны 2 ақпанда басталған.


Тегтер:

Афганистан @kz

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!