Мұхаммед Әлидің былғары қолғабы бәссаудаға шықты

Фотография - Мұхаммед Әлидің былғары қолғабы бәссаудаға шықты

12 0

Heritage Auctions бәссауда үйі америкалық боксшы Мұхаммед Әлидің 1964 жылы Сонни Листонды жеңіп, ауыр салмақта тұңғыш рет чемпион атанған кездегі былғары қолғабын сатылымға шығарды, деп жазады ИТАР-ТАСС.

Heritage Auctions-тің қоғаммен байланыс директоры Ной Флайшер мәлім еткендей, қолғаптың бастапқы бағасы 500 мың доллар деп белгіленіп отыр. Оны аталған жекпе-жек алдында Әлидің тапсырысымен танымал шебер Сэмми Фрэгер тігіп берген екен. «Фрэгер әдетте қолғаптарды қой немесе қозының былғарысынан тігіп, ішін ешкінің жүнімен нығыздайтын, - деп әңгімеледі Флайшер. – Ұстағанда Әлидің қолғабы жұқа боп көрінеді. Оны киген спортшы қандай ауыр соққылар жасағанын өзіңіз елестетіп көріңіз».

«Платиналы түн» деп аталатын сатылымда спорттық чемпионаттарға қатысы бар қолғаптан басқа да бағалы заттар бәссаудаға шығарылмақ. Ол 22 ақпанда өтеді деп күтілуде. Heritage Auctions өкілінің айтуынша, сатылым Әли мен Листон арасында өткен жекпе-жекке 50 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Спорт @kz

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!