Киевтегі шеруді басуға қатысы бар шенеуніктер ісі жабылды

Фотография - Киевтегі шеруді басуға қатысы бар шенеуніктер ісі жабылды

19 0

Украина прокуратурасы Киев милициясын демонстранттарға қарсы күш қолдануға көндіруде "қызметін теріс пайдаланды" деп айыпталған жоғары шенді екі шенеунікке қатысты істі жапты.

Украина билігінің хабарлауынша, ұлттық қорғаныс және қауіпсіздік кеңесі басшысының орынбасары Владимир Сивкович пен Александр Поповқа қарсы тергеу шаралары президент Виктор Янукович жариялаған рақымшылыққа байланысты тоқтатылған. Екі шенеунік те былтыр 30 қарашада милиция Киевтегі наразылық акцияларын күшпен басқаннан кейін желтоқсан айында қызметтерінен босатылған еді. Милицияның күш қолдануынан сол кезде ондаған адам жарақаттанған болатын.

Рақымшылық туралы заң бойынша, барлық ұсталған демонстранттар да босатылуы тиіс. Бірақ оларға рақымшылық наразылық танытушылар басып алған үкімет үйлерін босатқанда ғана жасалады.

Оппозиция биліктің саясатын "арсыз әрекет" деп атап, қамаудағы барлық белсенділерді бірден босатуды талап етті.


Тегтер:

әлемде

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!