Үйлену тойында шатыр құлап, бірнеше адам көз жұмды

Фотография - Үйлену тойында шатыр құлап, бірнеше адам көз жұмды

18 0

Қытайдың шығысында үйлену тойы кезінде ғимараттың шатыры құлап, кемі 7 адам көз жұмды.

Оқыс оқиға кеше кешкісін Чжэцзян провинциясындағы Цзиньхуа қаласында орын алған деп хабарлайды "Синьхуа" агенттігі. Салдарынан 90 адам жарақат алған, олардың оны аса ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Жалпы, үйлену тойына 200 қонақ жиналыпты.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, тым көнерген ғимараттың шатыры қалың жауған қарды көтере алмай құлауы мүмкін. Оқиға болған жерде құтқару және іздестіру шаралары жалғасып жатыр.


Тегтер:

әлем қытай

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!