Өзбекстанда Валентин күніне қарсы күресіп жатыр

Фотография - Өзбекстанда Валентин күніне қарсы күресіп жатыр

17 0

Өзбекстанда әлемде көптеген елдерде ғашықтар мерекесі саналатын әулие Валентин күнін атап өтуге қарсы күрес жүріп жатыр. Елдегі бірқатар жоғары оқу орындарында студенттерден 14 ақпанда Валентин күнін атап өтпейтіні туралы қолхат алып жатыр.

Ислам діни қайраткерлері Азаттыққа жұма намазынан кейін әулие Валентин күніне қарсы уағыздар айтылатынын жеткізді. Билік өкілдерінің пікірінше, әулие Валентин күні "өзбек қоғамының дәстүрі мен исламға қайшы".

Әулие Валентин күні соңғы жылдары кедергілерге қарамастан жергілікті жастар арасында кең түрде аталып өте бастаған.

Азаттықтың Ташкенттегі тілшісінің хабарлауынша, қалада ғашықтар бір-біріне жиі сыйлайтын әтір, гүл, шоколад сияқты заттар қымбаттай бастаған.

Қырғызстанның Ош қаласының басшылығы да қала мектептерінің барлығында әулие Валентин күнін атап өтуге тыйым салды. Қала билігі мұны мерекенің "балалардың психикалық дамуына кері әсер етеді" деп түсіндіреді.


Тегтер:

узбекстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!