ЕО Молдовамен виза режимін жоймақ

Фотография -  ЕО Молдовамен виза режимін жоймақ

30 0

Еуропарламенттің азаматтық еркіндік, әділет және ішкі істер комитеті көпшілік дауыспен Молдова тұрғындарына визалық режимді жоюды қолдады. Еуропа депутаттары да 25 ақпанда өтетін парламенттің сессиясында жаңа ережені қолдайды деген болжам бар.

Еуропарламенттің Румыниядан сайланған депутаты Мариан-Жан Маринеску Азаттықтың Молдова қызметіне берген сұхбатында, депутаттардың көпшілігі Кишиневтің Еуропамен жақындасу және реформалар жүргізу жолындағы жұмыстары үшін бұл елмен визалық режимді жоюды қолдайды деді.

Оның айтуынша, Молдова тұрғындары Еуропа Одағына осы жылдың мамыр немесе маусым айларында-ақ еркін бара алады.

Молдовамен визалық режимді алып тастау жайлы мәселе Еуропа Одағының 2013 жылдың қараша айында Вильнюсте өткен "Шығыс ынтымақтастығы" саммитінде көтерілген еді. Кишинев ол саммитте Еуропа Одағымен ассоциация туралы келісімге қол қойған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!