Қырғызстанның бұрынғы президенті мен оның туыстарына «тапсырыспен кісі өлтірген» деген айып бойынша қылмыстық іс қозғалды

Фотография - Қырғызстанның бұрынғы президенті мен оның туыстарына «тапсырыспен кісі өлтірген» деген айып бойынша қылмыстық іс қозғалды

27 0

Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бәкиев пен оның жақын туыстары тағы да қылмыстық іске қатысты деген күдікке алынды. Осы жолы Құрманбек Бәкиев пен оның ағасы Жәнібек, сонымен бірге ұлдары Марат пен Максим шетелдік бизнесмен Шон Дэйлиге қастандық жасалуына қатысы бар деген күдікке алынып отыр.

Қырғызстанның жоғарғы сотының баспасөз қызметінен хабарлағандай, 2005 жылдың аяғында Максим Бәкиев өзінің әкесі Құрманбек Бәкиевпен Джейруй алтын өндіретін кен орнын заңсыз кен өндіру және оны үшінші бір тұлғаларға қайта  сату мақсатымен сөз байласып, келісім жасаған.

Осы кезде кен өндіруге қатысты лицензия Oxus Gold Pls. компаниясына тиесілі болатын, ал оның өкілі Шон Дэйли Қырғызстанда жаңа инвестициялық ұсыныстар енгізу жөнінде түсініктеме беруге байланысты жұмыстар жүргізіп жүрген. Кен орнында 50 пайыз үлес Қырғызстанға тиесілі еді.

Қылмыстық істің материалдарында Максим Бәкиев Джейруй кен орнын заңсыз басқаруға Ш.Дэйли жол бермеуі мүмкін деп күдіктеніп, оған қастандық жасады деп келтірілген.

Шон Дэйлиді өлтіру тергеуде анықталмаған белгісіз адамға тапсырылған. Қылмыскер 2006 жылдың 7 шілдесінде түнгі уақытта Шон Дэйлиге қарудан бірнеше оқ жаудырған болатын. Дер кезінде көрсетілген медициналық көмектің арқасында Шон Дэйли аман қалды.

Қылмыстық іс бойынша соттың істі қарауы 2014 жылдың 27 ақпанына белгіленген. Еске сала кетейік, барлық аталған шенеуніктер Қырғызстанда басқа қылмыстық істер бойынша ұзақ мерзімдерге сырттай айыпталған. Ал Жәнібек Бәкиев өмір бойына бас бостандығынан айырылған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!