Африканың оңтүстігінде 200 кенші шахтаға қамалып қалды

Фотография - Африканың оңтүстігінде 200 кенші шахтаға қамалып қалды

31 0

Оңтүстік Африка республикасының астанасы Йоханнесбургтың маңындағы тастанды шахталардың бірінде 200 келімсек-кенші жер астында қамалып қалды. Құтқарушылар олармен байланысқа шыққанымен, жер бетіне шығару мүмкін болмай жатыр деп хабарлайды құтқару тобының өкілі Вернер Вермаак.

Келімсек-кеншілер тастанды шахтаға түсіп алтын іздеген көрінеді. Алайда, жер астына түсіп-шығар жол қабырғаның құлауынан көміліп қалған.

Қамалып қалғандар арасында қайтыс болғандар, не жарақат алғандардың бар-жоғы белгісіз.

Оңтүстікафрикалық шахталар әлемдегі ең терең және ең қауіпті шахталардың қатарында. 2014 жылдың басында тереңдігі 1,5 шақырым болатын шахталардың бірінде 9 адам қамалып қалған болатын. Бүгінде олардың сегізінің мәйіті табылды. Ал, 2012 жылы жер астында жалпы 112 кенші қайтыс болған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!