Иран: Ресей тағы бір атом реакторын салуы мүмкін

Фотография - Иран: Ресей тағы бір атом реакторын салуы мүмкін

21 0

Тегеран елде тағы бір ядролық реактор құрылысын салуды талқылау үшін осы айдың аяғында Иранға Ресей делегациясының келуін күтіп отыр. Бұл туралы 16 ақпанда Иранның атом энергиясы ұйымының өкілі Бехрухз Камалванди мәлімдеді. Оның айтуынша, Иран қазір Ресей жағымен Бушерде жаңа блоктың құрылысына қатысты келіссөздер жүргізіп жатыр.

Камалванди екі ел келесі жылдың басында атом реакторы құрылысын бастау туралы келісімге қол қоюы мүмкін деп айтты.

Бушердегі атом электр станциясының құрылысын Ресейдің "Атомстройэксперт" компаниясы аяқтаған еді. Иран өкілінің айтуына қарағанда, Ресей тағы бір атом реакторын салмақ. Бірақ Ресейдің Бушердегі жұмыс істеп тұрған атом электр станциясында жаңа реактор салатыны, я мүлдем басқа жаңа зауыт салатыны белгісіз.


Тегтер:

иран @kz

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!