Украинада Виктор Януковичке іздеу жарияланды. Бұл туралы Украина Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы Арсен Аваков Facebook-тегі өз парақшасына жазды.
«Украина халқына мәлім етемін. Янукович жоғалып кетті. Түні бойы Украина Қауіпсіздік қызметінің басшысы Валентин Наливайченкомен бірлесіп, Севастопольдегі ахуалды реттеумен және мемлекеттің экс-басшысын іздеумен айналыстық», - деп жазды 22 ақпан күні ғана ішкі істер министрі қызметіне кіріскен ол.