Тимошенко Германияда емделетін болды

Фотография - Тимошенко Германияда емделетін болды

281 0

Украинаның бұрынғы премьер-министрі, "Батькивщина" партиясының жетекшісі Юлия Тимошенко Германия канцлері Ангела Меркельдің ұсынысын қабыл алып, Берлиннің "Шарите" клиникасында ем қабылдайтын болды.

Сонымен қатар, Тимошенко Германияда өтетін Еуропалық ұлттық партияның саммитіне қатысуды да жоспарлап отыр.

Естеріңізге салайық, өткен аптаның сенбісінде Украина парламенті экс-премьерді түрмеден босату үшін арнайы қаулы қабылдаған болатын.

2011 жылы Юлия Тимошенко Ресей президенті Владимир Путинмен көгілдір отын тасымалына қатысты келісімге қол қояр кезде өз лауазымын асыра пайдаланған деген айыппен 7 жылға бас бостандығынан айрылған. Ол жазасын Харьковтегі түрмеде өтеді.



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?