Украина оппозициясы басшылары Эштонмен кездесті

Фотография - Украина оппозициясы басшылары Эштонмен кездесті

252 0

УДАР партиясының жетекшісі Виталий Кличко, "Батькивщина" партиясы жетекшісі Арсений Яценюк және "Свобода" партиясы жетекшісі Олег Тягнибок 24 ақпанда Украинаға барған Еуропа Одағы сыртқы саясат жөніндегі комиссары Кэтрин Эштонмен кездесті.

УДАР партиясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, оппозиция жетекшілері Эштонға Украина саясатындағы қазіргі жағдай туралы баяндаған.

Тараптар мемлекеттік тұтастығын сақтап қалу және күрделі қаржы-экономикалық жағдайларға қарамастан экономикалық дағдарыстың алдын-алудың жедел шараларын қабылдау мәселелерін талқылаған.

Эштон оппозиция жетекшілерін тезірек жаңа үкіметті жасақтауға шақырып, Еуропа Одағы үкімет құрылғаннан кейін Украинаға жан-жақты көмек көрсететініне сендірген.

Кэтрин Эштон Киевке екі күндік сапармен кеше барған.



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?