Барак Обама Украина премьерімен кездеседі

Фотография - Барак Обама Украина премьерімен кездеседі

323 0

АҚШ президенті Барак Обама бүгін Вашингтонда Украина премьер-министрі Арсений Яценюкпен кездеседі.

Кеше АҚШ конгресі өкілдер палатасы Ресейдің Украинаның Қырым автономиялық республикасына қатысты саясатын айыптаған қарар қабылдаған еді. Орындалуы міндетті емес, тек конгрестің ұстанымын білдіретін қарарды 402 депутат қолдап дауыс берген.

Конгрес мүшесі, өкілдер палатасы сыртқы істер комитетінің төрағасы Эд Ройс қарарға дауыс берерінің алдында "Ресейдің әрекетін жауапсыз қалдыруға болмайды. Мәскеу өзінің басқыншылық саясаты арқасында қаншалықты оқшауланып қалғанын әлем елдерінің басшылары айтып жатыр. Өкілдер палатасы да сол үндеулерге қосылады" деп мәлімдеді.

Эд Ройс бұған қоса халықаралық қауымдастықты Украинаның жаңа үкіметіне жедел және тыңғылықты көмек көрсетуге шақырды.



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?