Словакияда президенттік сайлау басталды

Фотография - Словакияда президенттік сайлау басталды

390 0

Словакияда президенттік сайлау басталды. Елдегі барлық сайлау учаскелері бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 7.00-де ашылып, түнгі 22.00-ге дейін жұмыс істейтін болады, деп хабарлады шетелдік БАҚ.

«Сайлауға дауыс беру құқы бар Словакияның 4 миллионнан астам азаматы қатыса алады», - деді елдің Статистика басқармасының төрайымы Людмила Бенковичова. Оның атап өтуінше, егер алғашқы кезеңде Словакия президенті сайланбайтын болса, онда екі аптадан кейін 29 наурызда дауыс берудің екінші кезеңі өткізіледі.

Айта кетейік, Словакияның қазіргі мемлекет басшысы Иван Гашпарович 2009 жылдың 4 сәуірінде екінші мәрте президент болып сайланған еді. Ал елдің Конституциясына сәйкес ол үшінші мәрте президенттікке үміткер бола алмайды.

Ел президенттігіне үміткерлердің қатарында Словакияның қазіргі премьер-министрі Роберт Фицоның мүмкіншілігі зор болып отыр. Focus агенттігінің соңғы жүргізген сауалнамаларының нәтижелеріне қарағанда, бірінші айналымның өзінде оған сайлаушылардың 36,1 пайызы дауыс беруге дайын.

Ал одан кейінгі орындарда 27,1 пайызбен қайырымдылық шараларымен айналысатын Андрей Киска, 11,1 пайызбен елдің бұрынғы мәдениет министрі Милан Княжко тұр.



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?