Донецкіде прокуратураны басып алды

Фотография - Донецкіде прокуратураны басып алды

282 0

Жексенбі күні Донецк облыстық прокуратура ғимаратына баса-көктеп келген екі мыңнан аса адам өзін өзі губернатормын деп жариялаған Павел Губаревті қамаудан босатуды талап еткен.

«Интерфакс-Украина» агенттігінің хабарлауынша, прокуратура ғимараты алдына жиналғандар «Ресей!», «Губарев!», «Беркут!», «Милиция халықпен бірге!» деп ұрандаған.

Жиналғандар өздерімен сөйлесуге шыққан облыс прокуроры Николай Франтовскийдің сөзін бөліп айғайлап, естіртпеген. Жергілікті уақытпен сағат түскі үш кезінде олар облыстық прокуратураның холлында тұрған Украинаның туын орнынан жұлып, лақтырып тастаған.


Тегтер:

Украина @kz

Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?