Калифорнияда жер сілкінді

Фотография - Калифорнияда жер сілкінді

329 0

Калифорния штатының орталығы Лос-Анджелесте бүгін 5,3 баллдық қуатты жер сілкінісі тіркелді деп хабарлайды Agence France-Presse. Әзірге зардап шеккендер мен қирандылар туралы мәлімет жоқ.

Табиғаттың тосын мінезінен мегаполиске біршама шығын келді. Атап айтқанда, кейбір шағынаудандарда газ құбыры тесіліп, су құбырлары жарылып кетті. Сонымен қатар, электр сымдарының үзілуі салдарынан екі мыңдай үй жарықсыз қалды.

Қалада орналасқан "Диснейленд" ірі ойын-сауық орталығы да өз жұмысын уақытша тоқтатып отыр. Аттракциондар паркі жабылып қалмағанымен келушілердің өзі түгелімен оны тастап шығып кеткен.

Айта кетейік, Калифорнияда жерасты дүмпулері жиі орын алып тұрады. Соңғы рет 17 наурыз күні мұнда қуаты 4,4 балл болатын жер сілкінісі тіркелген болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?