Киев мэріне кандидаттар тіркеу басталды

Фотография - Киев мэріне кандидаттар тіркеу басталды

262 0

Киевте бүгін қала мэріне сайлауға түсетін кандидаттарды тіркеу басталды. Ол 30 сәуірге дейін жалғасады.

Қазірдің өзінде 30-ға тарта саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері Киев мэрі сайлауына түскісі келетінін білдіріп үлгерді.

Олардың арасында танымал боксшы әрі УДАР партиясының жетекшісі Виталий Кличко, қала әкімшілігінің қазіргі басшысы Владимир Бондаренко, парламент депутаты және Еуромайдан белсенділерінің бірі Лесь Оробец, журналист және Еуромайдан белсендісі Игорь Луценко бар.

Киев мэрінің кезектен тыс сайлауы 25 мамырда Украина президентін мерзімінен бұрын сайлаумен қоса өтеді.


Тегтер:

Украина @kz

Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?