503

Олланд: Армения ЕО-мен келісім жасай алады

Фотография - Олланд: Армения ЕО-мен келісім жасай алады

Армения Кеден Одағына қосылу туралы жоспары барына қарамастан, Еуропа Одағымен ассоциация туралы келісімге қол қоя алады деп санайды Франция президенті Франсуа Олланд.

12 мамыр күні Арменияға сапары кезінде Азаттыққа берген сұхбатында Олланд Еуропа Одағы Армения үшін ерекше үлгі қабылдай алатынын, бірақ ол үшін Брюссель мен Ереван бірлесе сценарий жасауы қажет екенін айтты. Арменияға сапарының алдында Олланд Әзербайжан болып, ел президенті Ильхам Әлиевпен кездескен.

Олландтың мәлімдеуінше, оның оңтүстік Кавказ елдеріне сапары Әзербайжан мен Армения арасындағы Таулы Қарабақ проблемасын және Грузияның жікшіл аймақтары арасындағы территориялық дауларды реттеу келіссөздерін алға жылжытуға бағытталған. Олланд Францияның мемлекеттердің тұтастығы мен территориялық дауларды мемлекет тұтастығын сақтай отырып шешуді қолдайтынын айтты.

Загрузка...