Сербияны су алды

Фотография - Сербияны су алды

504 0

Сербия елде орын алған су тасқынымен күресіп жатыр. Соңғы 120 жылда болмаған табиғи апат тұрғындарды тығырыққа тіреп тастаған. Мемлекет басшылары қазір Ресейден және ЕО елдерінен қол ұшын созуды сұрап отыр.

Арнасынан асқан өзендер үйлер мен ауылшаруашылық алқаптарын шайып кетті. Көлік жолдары да жарамсыз күйде. Осыған байланысты көптеген автобустық және пойыз қатынасы тоқтатылды. Табиғи апат салдарынан екі адам қайтыс болған.

Ауа райын болжаушылар болса алдағы демалыс күндеріне дейін нөсерлі жауын жалғасастынын айтып отыр. Жағдай дәл осылай жалғаса беретін болса көрші жатқан Босния мен Герцеговина, Хорватия және Словения елдерін де су басуы мүмкін. Ондағылар қазір апатқа дайындалуда.



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?