334

"Талибан" НАТО базасына шабуыл жасады

Фотография - "Талибан" НАТО базасына шабуыл жасады

Ауғанстанның шығысында "Талибан" қозғалысы содырлары НАТО әуе базасына шабуыл жасады.

Ауған шенеуніктері 21 маусым күні "Талибан" содырларының НАТО әуе базасына бірнеше зымыран атқанын" хабарлады. Ауғанстанның Нангархар провинциясының орталығы Жалал-Абад қаласындағы әуежайдан адам шығыны мен қираған ғимараттар туралы хабар тараған жоқ. Ал "Талибан" әуежайда "сегіз жарылыс жасадық" деп мәлімдеді.

Аймақ билігінің өкілі Ахмад Зия Абдулзай "бірнеше жарылыс болғанын" айтады. Билік мәліметтеріне қарағанда, бір немесе екі зымыран әуежай қасында жарылған.

Загрузка...