Бразилияда БРИКС саммиті басталады

Фотография - Бразилияда БРИКС саммиті басталады

257 0

Бүгін Бразилияда БРИКС елдерінің саммиті жұмысын бастайды. Екі күнге жалғасатын жиында осы ұйымға мүше Бразилия, Қытай, Ресей, Үндістан және Оңтүстік Африка республикасы мемлекеттері басшылары Форталеза қаласында бас қосады. Жиын барысында даму банкі мен резервтік қор құру туралы келісімге қол қою жоспарланған. Бұл екі жаңа құрылым Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қоры тәрізді міндеттер атқармақ.

ИТАР-ТАСС агенттігіне берген сұхбатында Ресей президенті Владимир Путин АҚШ-тың ықпалында қалып қоймау үшін экономикасы тез дамып келе жатқан елдер халықаралық аренада маңызды роль атқаруы тиіс деп мәлімдеген. Сонымен бірге ол Вашингтон тарапынан«санкциялық шабуылдардың» алдын алуға бағытталған шаралар жайын кеңесуге БРИКС елдері басшыларын көндіруге тырысатынын айтқан.

Бразилиядағы саммитте БРИКС мүшелері Ресейдің Украинадағы іс-әрекеттеріне баға бермейді деп хабарланды.

Биыл Мәскеудің Қырымды аннексиялап, Украинаның шығысындағы қарулы жікшілдерге дем беріп отырғанына байланысты АҚШ пен Еуропа Одағы ресейлік кейбір шенеуніктер мен компанияларға қатысты санкциялар салған еді.


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?