538

Грузия Михаил Саакашвилиге іздеу жариялады

Фотография - Грузия Михаил Саакашвилиге іздеу жариялады

Грузия елдің бұрынғы президенті Михаил Саакашвилиге мемлекетішілік іздеу жариялады, деп жазады lenta.ru.

Экс-президенттің қатысы бар деген күдікпен елде бірнеше қылмыстық істің тергеуі жүріп жатыр. Оған елдің қаржысын бей-берекет шашты, қызметтік лауазымын асыра пайдаланды деген айыптар тағылып отыр. Тбилиси қалалық соты 2 тамыз күні оны тұтқындау туралы сырттай үкім шығарып қойған.

Сондай-ақ бұрынғы көшбасшы бұл айыптардың негізсіз және саяси астары бар екенін айтқан. Сондықтан ол ешқандай мемлекеттен саяси пана сұрамақ емес.

Грузияның бас прокуратурасынан келген хабарламаға сәйкес, Саакашвили ел шекарасын аттап басысымен қолға түседі. Осындай үкім елдің ІІМ-не берілген. Ол 2013 жылы қарашада кеткеннен қайтып бірде-бір рет елге оралған емес. Негізінен АҚШ-та тұрып жатыр.

Загрузка...