Миланда "Еуропа-Азия" форумы саммиті басталады

Фотография - Миланда "Еуропа-Азия" форумы саммиті басталады

234 0

Миланда бүгін Еуропа мен Шығыс Азияның 51 елінің "Еуропа-Азия" форумының 10-саммиті басталады. Биылғы саммиттің тақырыбы "Экономикалық өсім мен қауіпсіздіктегі жауапты серіктестік" деп аталады.

Саммитке  Еуропа мен Азия елдерінің басшылары, Еуропа Одағының жетекшілері және Ресей президенті Владимир Путин, Украина президенті Петр Порошенко қатысады.

Форум аясында екіжақты кездесулер де жоспарланып отыр.

15 қазанда Германия канцлері Ангела Меркель Миланда Путинмен Украинаға қатысты мәселелерді талқылайтынын айтқан. Саммит барысында Порошенко Путинмен келіссөздер жүргізеді.

Бұған дейін Ақорданың баспасөз қызметі саммитке Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев та қатысатынын хабарлаған.


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?