Молдовада ресейшіл партия сайлаудан шеттетілді

Фотография - Молдовада ресейшіл партия сайлаудан шеттетілді

Молдовада ресейшіл «Родина» партиясы парламент сайлауынан шеттетілді. Орталық сайлау комиссиясы партияның «шетелден қаржыландырылатыны» туралы мәлімдеді.

342 0

Молдовада ресейшіл «Родина» партиясы парламент сайлауынан шеттетілді. Орталық сайлау комиссиясы партияның «шетелден қаржыландырылатыны» туралы мәлімдеді.

«Родина» партиясының иесі – Молдовадан шыққан ресейлік бизнесмен Ренато Усатый. Осы аптада апелляциялық сот Орталық сайлау комиссиясының партияны сайлаудан шеттеткеніне қатысты шешім шығармақ. Молдовада парламент сайлауы қарашаның 30-ында өтеді.

Украинамен шектес Молдова Еуропа Одағы (ЕО) мен Ресейдің стратегиялық мүддесі бар аймағында орналасқан. Маусым айында Кишинев ЕО-мен ассоциация туралы келісімге қол қойған.

Бірақ Мәскеу ЕО мен бұрынғы совет республикалары арасында мұндай келісім жасалғанын қолдамайды. Кремль мұндай келісімдер Ресейдің экономикалық мүдделеріне нұқсан келтіруі мүмкін дейді.


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?